Жаңалықтар

Жаңа терминалдан экспорттық бастама: Циндао портына (ҚХР) пойыз жөнелтілді
«Кедентранссервис» АҚ Жаңа Есіл станциясындағы жаңа контейнерлік терминалдан алғашқы контейнерлік пойызды сәтті жөнелтті. Пойыз «Новоишимский мелькомбинат» ЖШС өндірген жем-шөппен ҚХР-дың Циндао портына бағыт алды.
Бұл жөнелту аймақтың экспорттық әлеуетін дамытуда маңызды қадам болды және компанияның логистикалық бағыттар географиясын кеңейту стратегиясының тиімділігін растады. Жоба аясында ай сайын 20-дан астам контейнерлік пойыз жөнелту жоспарлануда.
Жаңа Есіл станциясындағы жаңа терминал экспорттық жүктерді өңдеу жылдамдығын арттыруға, логистикалық тізбектерді оңтайландыруға және агроөнеркәсіп өнімдерін халықаралық нарықтарға тұрақты жеткізуге мүмкіндік береді. «Кедентранссервис»
АҚ контейнерлік инфрақұрылымды дамыту, клиенттік сервисті жақсарту және жаһандық сауда-көлік дәліздеріне интеграциялану бойынша белсенді жұмысын жалғастырады, бұл Қазақстанның Еуразиядағы сенімді транзиттік және экспорттық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етеді.