#

# Жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ! СІЗДЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

02.08.2019

Құрметті теміржол көлігі қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Темір жолдар елдің негізгі көлік артериялары болып саналады, олардың сәтті жұмысына жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы ғана емес, сонымен қатар халық шаруашылығының барлық салаларының қарқынды дамуы да байланысты. Құрметті теміржолшылар! Сіздер ерекше өмір жолын — темір жолды таңдадыңыздар және сіздердің жұмыстарыңыз әрдайым сұранысқа ие болады. Сіздердің жасампаз күш-жігеріңіз жаңа бағыттар құрып, жылжымалы құрамды жаңғыртып, вокзалдар мен деполарды жаңартып, жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін жетілдіруде. Сіздерге үлкен жауапкершілікті, тәртіпті және кейде батылдықты қажет ететін адалдықтарыңыз үшін рахмет. Сіздерге тегіс жолдар мен жоғары жылдамдықты тілеймін. Семафордың жасыл жарығы сіздердің кез-келген бастамаңызбен бірге болсын. Мықты денсаулық, амандық және отбасылық бақыт тілейміз!