Жаңалықтар
«Кедентранссервис» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасының Теміржол көлігі қызметкері күніне орай жоғары марапаттарға ие болды.
«Кедентранссервис» АҚ-та Теміржол көлігі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күні Қоғам қызметіне елеулі үлес қосқан, жоғары кәсібилік пен өз ісіне адалдық танытқан қызметкерлер марапатталды.
Басты марапаттардың бірі «Кедентранссервис» АҚ Павлодар қаласындағы филиалының жүк ауданының бастығы Ирина Дмитриевна Сухаревағатабысталды. Оған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ -тың «Құрметті теміржолшы» атағы берілді.
Салтанатты іс-шара аясында басқа да лайықты марапаттар табысталды.
«Үздік жас маман» марапатымен: Ә. Ж. Махамбетова марапатталды.
«Үздік мамандар» Құрмет тақтасына: Е. М. Түсіпбеков енгізілді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен: А.А.Ташетов,
Б.Б. Ауталипов марапатталды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Алғыс хатымен: Ж.Т. Кудьярова,
Г.Ж. Ибраева марапатталды.
«Кедентранссервис» АҚ Бас директорының Құрмет грамотасымен: К.Д.Төлетбеков, Д.А. Шарипова, Д.Р.Тоғысова., А.А. Абдуллаев, Ш.М. Алпысбаева, Н.Д. Кариев,
С.А. Бекеева марапатталды.
«Кедентранссервис» АҚ Басқарма Төрағасының Алғыс хатымен: Н.М. Жақселенова,Ж.А. Мұсахметов, К.А. Касымов, Д.Е. Сауқым, А.Б. Шоканбаева, Р.Ю. Ильмеева марапатталды.
«Кедентранссервис» АҚ барлық марапат иелерін лайықты марапаттарымен құттықтайды және кәсібилігі, іске жауапкершілікпен қарағаны, Компания мен теміржол саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

Жедел желі
