#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ «ТРАНСПОРТ ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» — TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2021 24-ші халықаралық көрмесіне қатысты

21.10.2021

«Кедентранссервис» АҚ 13-15 қазан аралығында Орталық Азиядағы көлік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың 1999 жылдан бері өткізіліп келе жатқан ең ірі TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2021 көрмесіне қатысты. Биылғы жылы Қоғам экспозициясы алғаш рет жалғыз акционер «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқа еншілес ұйымдарымен бірлескен стендте орналастырылды.

Көрме алаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясының құрамында «Кедентранссервис» АҚ Бас директоры Арман Сұлтанов Литва Республикасы мен Латвия Республикасының теміржол әкімшілігінің басшыларымен кездесті. Еуропалық серіктестермен кездесу барысында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері және аталған елдер бағытында тасымалданатын жүктер көлемінің ұлғаюына ықпал ететін жобалар қаралды.

Одан бөлек бас директор Қазақстан Республикасындағы China Railway Container Transport Company Limited (CRCT) өкілдігінің басшысымен кездесу өткізді, онда тараптар өзара тиімді болатын болашақ серіктестік қарым-қатынасты талқылады.