#
#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ «Transport Logistic China 2026» халықаралық көрмесінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

26.06.2026

«Кедентранссервис» АҚ Шанхай қаласында өткен көлік-логистика саласындағы ең ірі халықаралық көрмелердің бірі – Transport Logistic China 2026 көрмесіне қатысты. Аталған іс-шара әлемнің әртүрлі елдерінен келген жетекші тасымалдау операторларын, логистикалық компанияларды, терминалдық кешендерді және көлік бизнесінің өкілдерін бір алаңға тоғыстырды.
Іскерлік бағдарлама аясында Қоғам өкілдері қолданыстағы және әлеуетті серіктестермен бірқатар келіссөздер жүргізіп, халықаралық көлік дәліздерін дамыту, теміржол тасымалдары саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ бірлескен логистикалық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.
Көрме «Кедентранссервис» АҚ халықаралық логистика саласындағы мүмкіндіктерін таныстыруға тиімді алаң болып, әлемдік көлік нарығының қатысушыларымен жаңа кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Кездесулер барысында Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту, тасыма