#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ елордалық жүк терминалының қызметі туралы

14.10.2022

Кедентранссервис» Акционерлік Қоғамы – Көліктік-логистикалық және терминалдық қызметтердің ірі операторы болып табылады. Компанияның активінде Қазақстанның барлық ірі өңірлерінде, сондай-ақ шекара маңындағы түйісулерде орналасқан 17 терминалы бар. «Кедентранссервис» АҚ паркінің 4 400 мыңнан астам фитингтік платформасы бар, ал қойма үй-жайларының жалпы ауданы – 2 млн. шаршы метрді құрайды. Терминалдар тәулігіне 250-ден астам вагон, 14 мың тоннадан астам жүк, 800-ден астам ЖФЭ өңдейді.

«Кедентранссервис» АҚ Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша елордалық филиалы қызметтердің төмендегідей кең көлемді спектрлерін көрсетеді:

  • жылжымалы құраммен операция жасау;
  • тиеу-түсіру жұмыстарын, механизмдер мен автокөліктерді пайдалану арқылы жүктерді терминалды өңдеу;
  • көлік-экспедициялық қызметтер.

Терминал пайдалануға 1997 жылы берілген. Біздің елордамыз Астана жылдан-жылға өсіп, өркендеп жатса, және сонымен бірге біздің филиалдар да бірге дамуда. Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша филиалдың негізгі капиталы мен даму локомотиві оның қызметкерлері болып табылады. Мұнда инженерлер, механиктер, қабылдау-тапсырғыштар, жүк техниктері, бухгалтерлер және клиенттермен және қызметкерлермен жұмыс жасау мамандары жан-жақты жұмыс істейді.

Филиалдың жалпы алып жатқан ауданы – 23 гектардан асады, аумақта 17 кірме жол бар (олардың ұзындығы 8,1 мың метрден асады), оның ішінде тиеу-түсіру, жалғау, көтеру және көрме жолдары бар. Терминал ірі тоннажды контейнерлерді тиеуге, түсіруге және сұрыптауға арналған 4 Козлов крандарымен, тиегіштермен және өзге де техникамен жақсы жабдықталған.
Филиал қызметкерлерінің жауапкершілігі мен оптимизмі елорда мен Ақмола облысының аумағында бизнесті үздіксіз және уақтылы жүргізуге және «door to door» логистикалық схемасы бойынша – Есіктен есікке дейін жүктерді түпкілікті тұтынушыға жеткізуді қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Кедентранссервис әрбір клиентті бағалайды, барлық өтініштер бойынша жедел және сапалы қызмет көрсетуге дайын!

  • 📞 +7 7172 94 26 26
  • 📞 +7 778 097 97 97
  • 📧 wagon@kdts.kz ставкаларды есептеу мәселелері бойынша
  • 📤 Телеграм бот: @ақкдтсбот

Жеке кабинетте сілтеме бойынша кіре аласыз https://my.kdts.kz/login немесе сайттың басты бетінде www.kdts.kz «Жеке кабинет» бөлімінде