#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ 100% қысқа дайын

01.11.2021

«Кедентранссервис» АҚ қызметкерлері «Шаруашылықты қысқы кезеңге жұмысқа дайындау жөніндегі жоспарға» сәйкес барлық 28 іс-шараны орындады.

Іс-шаралар қатарында газ қазандықтарына, түтіндіктерге, газ есептегіштерге және газ түзеткіштерге ревизия жүргізілді, ғимараттардың жылу жүйелерін тазарту және сығымдау бойынша жұмыстар орындалды. Сонымен қатар, қызметкерлердің қысқы арнайы киімге қажеттілігі толық қамтамасыз етілді — 800-ге жуық жаңа арнайы киім жиынтығы сатып алынды.

Дәстүр бойынша, автокрандар мен порталдық крандарды қысқы жағдайларда жұмыс істеуге дайындауға, арнайы техника мен тиегіштерге техникалық қызмет көрсетуге, сондай-ақ кестеге сәйкес қоғамның барлық филиалдарына жеткізілетін жанар-жағармай материалдары мен көмірдің жеткілікті қорын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді.

Суық түскенге дейін тәжірибелі қызметкерлер қысқы кезеңде жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша 63 жас маманға техникалық нұсқаулықтар мен сабақтар өткізді.

Қоғамның барлық жауапты құрылымдық бөлімшелері, техникалық құралдары мен инфрақұрылымы клиенттер мен серіктестерге сапалы қызмет ұсыну мақсатында кез келген температуралық жағдайда үздіксіз жұмысты қамтамасыз етуге дайын.