#
#

# Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының теміржол көлігі қызметкерлері күні құтты болсын!

31.07.2026

«Кедентранссервис» АҚ ұжымы сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Теміржол көлігі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!

Теміржол саласы – ел экономикасының тұрақты дамуының, көлік-логистикалық әлеуетінің артуының және халықаралық ынтымақтастықтың нығаюының маңызды негізі.

Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және өз ісіңізге деген адалдықтарыңыздың арқасында саланың үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіліп, ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, халықаралық көлік дәліздерін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылуда.

Сіздерге зор денсаулық, амандық, бақ-береке, кәсіби жетістіктер және барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз.