#
#

# Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда.

13.08.2026

2026 жылғы 10–11 тамызда Қазақстан мен Өзбекстанның көлікведомстволарының өкілдері қазақ-қытай шекарасындағы көлік-логистикалықинфрақұрылым нысандарын аралап шықты. Жұмыс сапары екіжақтыынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 23-отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іскеасыру аясында ұйымдастырылды. Екі ел делегацияларын ҚазақстанРеспубликасы көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов және ӨзбекстанРеспубликасы көлік министрінің бірінші орынбасары Маманбий Омаров басқарды.

Жұмыс сапары аясында делегациялар «Алтынкөл» теміржол станциясына, «Кедентранссервис» терминалына, «KTZE-Khorgos Gateway» құрғақпортына, сондай-ақ «ҚорғасШығыс қақпасы» арнайы экономикалықаймағына барды.

 

 

Өзбекстан тарапына Қытайдан келіп түсетін жүктерді қабылдау, өңдеу жәнеқайта тиеудің қолданыстағы тетіктері, Қазақстанның теміржол жәнетерминалдық инфрақұрылымының мүмкіндіктері, сондай-ақ жүктердіхалықаралық көлік бағыттары бойынша одан әрі жөнелтуді ұйымдастырутәртібі іс жүзінде көрсетілді.

Жұмыс сапары барысында ҚытайҚазақстанӨзбекстан бағыты бойыншажүк ағынын ұлғайту, қолданыстағы терминалдық қуаттарды неғұрлым тиімдіпайдалануға және бірлескен логистикалық шешімдерді дамытуға ерекшеназар аударылды.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар тасымал көлемін ұлғайту, терминалдық инфрақұрылымды дамыту және Қазақстан мен Өзбекстанарасындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталғанбірлескен бастамаларды жан-жақты пысықтауды жалғастыруға келісті.

Ақпарат: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.