#
#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ: қозғалыс қауіпсіздігі және меншікті теміржол инфрақұрылымының сенімділігі

18.12.2025

«Кедентранссервис» АҚ бас инженері Орынбасар Асқар Орынбасарұлымен сұхбат

 

— «Кедентранссервис» АҚ-ның қолданыстағы инфрақұрылымы туралы айтып берсеңіз.

2025 жылғы жағдай бойынша Қоғамның теміржол инфрақұрылымы 13 филиал мен 2 жүк учаскесін қамтиды. Теміржол жолдарының пайдалану ұзындығы 90 938 метрді құрайды. Бағыттамалық бұрмалардың саны – 165 бірлік. Жол шаруашылығының орташа тозу деңгейі 48 пайызды құрайды.

 

— Қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында қандай іс-шаралар жүргізілді?

2025 жылы «Кедентранссервис» АҚ 13 нысанда теміржол жолдары мен бағыттамалық бұрмаларды күрделі жөндеуден өткізді.

Инфрақұрылымды күтіп ұстау және жаңғырту бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілуде. Атап айтқанда, биыл 19 км теміржол жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Инфрақұрылымды одан әрі тиісті деңгейде күтіп ұстау мақсатында 2 387 шпал сатып алынды.

Сондай-ақ Достық станциясында орналасқан Қоғам филиалының №4 қайта тиеу орнын (ПМ-4) реконструкциялау жұмыстары аяқталды.

Аталған жұмыстар теміржол инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға және өндірістік нысандарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталды.

 

 

— Қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында қандай іс-шаралар жүргізілуде?

Қоғамда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне әрдайым ерекше назар аударылады.

2025 жылы Қоғамның Бас директорының төрағалығымен және менің басшылығыммен теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша 20 өндірістік кеңес өткізілді.

Кеңестер барысында анықталған бұзушылықтардың себептері егжей-тегжейлі қаралып, оларды жоюға бағытталған түзету іс-шаралары айқындалды. Сондай-ақ ықтимал оқиғалардың алдын алу жөніндегі превентивтік шараларды орындауға жауапты тұлғалар мен оларды іске асыру мерзімдері белгіленді.

 

Кірме жолдардағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында «Кедентранссервис» АҚ-ның кірме жолдарына қызмет көрсету және жұмысты ұйымдастыру жөніндегі арнайы нұсқаулық әзірленіп, бекітілді. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС және «Магистральдық желі» аумақтық бөлімшесімен келісілген құжатта жолдарға қызмет көрсету, тежегіш табандықтарды орнату және алып тастау, сондай-ақ есепке алу журналдарын жүргізу тәртібі айқындалған. Бұл қатаң бақылауды қамтамасыз етуге және вагондардың өздігінен қозғалуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Компания заманауи қауіпсіздік стандарттарын жүйелі түрде енгізіп, жол инфрақұрылымын пайдалану барысындағы бақылауды күшейтіп, қызметкерлердің жеке жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруда.

 

— 2026 жылға қандай іс-шаралар жоспарланған?

2026 жылы «Кедентранссервис» АҚ теміржол инфрақұрылымының тағы 30 нысанында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Алтынкөл жүк ауласын, Достық станциясындағы №7 қайта тиеу орнын және Астана қаласындағы терминалды реконструкциялау жұмыстарын бастау жоспарланған. Сондай-ақ Ақтөбе, Шымкент, Өскемен және Семей қалаларындағы филиалдар үшін 4 көпірлі кран сатып алу көзделген.

Бұл шаралар компания қызметінің қауіпсіздігін, сенімділігі мен тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған.