#

# Жаңалықтар

Алғашқы құрама жүк Алматы қаласындағы «Кедентранссервис» АҚ терминалынан жөнелтілді

30.11.2021

2021 жылғы 30 қарашада Алматы-1 станциясы «Кедентранссервис» АҚ терминалынан Қытайдың Сиань қаласына контейнерлік пойыз құрамында LCL (less than container load) қағидаты бойынша алғашқы құрама жүк жөнелтілді.

LCL қызметінің негізгі идеясы жүк жөнелтушіге бүкіл контейнерді резервке қоюдың қажеті жоқ, тек оның бір бөлігі ғана жеткілікті. 40 футтық контейнерде үш қазақстандық компанияның жүктері жиналды. Құрама контейнер межелі жеріне 10 күннен кейін жетеді. Жөнелтілімді бірлесіп ұйымдастырушылары – «KTZ Express» АҚ және «QazTrade» АҚ.

Алматы және Алматы облысы бойынша «Кедентранссервис» АҚ филиалының директоры Есмұратова Замира: ««Кедентранссервис» АҚ өкілі ретінде өз тарапымнан біз ниет білдіргендерге, әсіресе отандық тауарды экспорттаушыларға қолдау көрсету және жалпы қазақстандық бизнесті дамыту үшін қызметтердің толық спектрін ұсынуға әрқашан дайын екенімізді айтқым келеді».