Жаңалықтар

«Кедентранссервис» Қазақстандағы суық тізбек логистикасына заманауи тәсілді таныстырды

Көлік логистикасы саласындағы заманауи үрдістер мен халықаралық стандарттар, сондай-ақ Мемлекет басшысының Жапонияға сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстанның тұтас суық тізбекті дамытуға қатысты озық тәсілдерді іс жүзінде енгізуге көшуін айқындап отыр.
18 қыркүйекте Астана қаласында «Жапония – Қазақстан: өзара байланыстылықты нығайту. Суық тізбекті жеткізу жүйесін дамытудағы ынтымақтастық» атты дөңгелек үстел аясында «Кедентранссервис» АҚ-ның терминалдық қызмет және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Даир Амиров компанияның азық-түлік және температураға сезімтал жүктерді тасымалдау мен сақтау үшін заманауи логистикалық инфрақұрылымды дамыту тәсілін таныстырды.
Баяндаманың негізгі назары азық-түлік қауіпсіздігі мен өнімнің бүкіл тасымалдау жолында сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне аударылды. Суық тізбек — өндірушіден бастап соңғы тұтынушыға дейінгі барлық кезеңде қажетті сақтау және тасымалдау жағдайларын қамтамасыз ететін бірыңғай кешенді технология.
Мұндай тәсіл автомобиль және теміржол тасымалдарын, терминалдық өңдеуді, температуралық режимде сақтауды, жүктерді шоғырландыру мен бөлуді, сондай-ақ бүкіл маршрут бойындағы цифрлық мониторинг пен қадағалануды интеграциялауды көздейді.
«Кедентранссервис» компаниясының терминалдық желісін халықаралық стандарттарға сәйкес әртүрлі көлік түрлері мен заманауи цифрлық технологияларды біріктіретін кешенді логистикалық шешімдерді қалыптастырудың негізі ретінде дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл Қазақстанды халықаралық жеткізу тізбектеріне одан әрі интеграциялау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

‹ Барлық жаңалықтар

Самрұқ-Қазына e-Otinish