Жаңалықтар
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «ӘТЖ» ЖАҚ басшыларының жұмыс кездесуі
«NEW SILK WAY» VIII Халықаралық бизнес-форумы шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «ӘТЖ» ЖАҚ басшыларының жұмыс кездесуі өтіп, оның барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық пен көлік-логистикалық әлеуетті дамытудың негізгі мәселелерін талқылады.
Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша жүк тасымалы мен осы бағыттағы «тар жерлерді» жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы келіссөздердің басты тақырыбы болды. Кездесуге қатысушылар логистикалық процестерді оңтайландыру мәселелерін қарастырды, сондай-ақ бірлескен инфрақұрылымдық жобалардың ағымдағы мәртебесін бағалады.
Теміржол әкімшіліктерінің басшылары тасымалдау процесіне заманауи цифрлық технологияларды енгізуге және ТХКБ-да тиімділік пен өтпелі сервисті арттыруға бағытталған «Middle Corridor Multimodal Ltd.» бірлескен кәсіпорнын одан әрі дамытуға ерекше назар аударды.

Жедел желі
