#
#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ Transport Logistic China 2026 халықаралық көлік-логистика көрмесіне қатысуға шақырады

22.06.2026

Құрметті клиенттер мен серіктестер!

«Кедентранссервис» АҚ сіздерді 2026 жылғы 24–26 маусым аралығында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласындағы Shanghai New International Expo Centre (SNIEC) көрме орталығында өтетін Transport Logistic China 2026 халықаралық көлік-логистика көрмесіне қатысуға шақырады.

📍 Біздің стенд: W4.321

Сіздермен кездесіп, ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ көлік-логистика жобаларын дамытудағы жаңа мүмкіндіктерді талқылауға қуанышты боламыз