#

# Жаңалықтар

Бас директор Достық станциясында кездесу өткізді

02.07.2021

Достық станциясында «Кедентранссервис» АҚ Бас директоры Арман Тұрлыханұлы Сұлтановтың «ҚТЖ» ҰК» АҚ Консультативтік кеңесінің мүшесі және темір жолдың еңбек сіңірген ардагері Қалтай Самбетұлы Самбетовпен жұмыс кездесуі өтті.

Станция қызметкерлерінің қатысуымен өткен іс-шара барысында қазіргі уақытта көлік-логистикалық қызметтер нарығында бар ең озық технологияларды қолдана отырып, компанияның контейнерлік терминалын болашақта жаңғыртудың өзекті мәселелері талқыланды.

«Кедентранссервис» АҚ бүгінгі күннің өзінде ҚР арқылы өтетін транзиттік тасымалдардың жыл сайын өсіп жатқандығын ескере отырып, болашақ қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ҚХР-мен шекарада инфрақұрылымды дайындау бойынша жұмысты озық қарқынмен жүргізу үстінде.

Кездесу барысында қатысушылар жұмыстардың маңыздылығы мен уақытында жүргізіліп жатқандығын атап өтті және белгіленген мақсаттарға бірлесіп қол жеткізу мақсатында әріптестікке дайын екендіктерін білдірді.