Жаңалықтар

Сианнан Алматыға: Zhetysu жаңа контейнерлік терминалы алғашқы контейнерлік пойызды қабылдайды
2025 жылғы 1 маусымда Сиань қаласындағы (ҚХР) бірлескен жүк терминалынан Алматы қаласындағы Zhetysu қазақстандық-қытайлық терминалдан алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтілді. Жаңа терминалды пайдалануға беру ағымдағы жылдың 10 маусымына жоспарланған.
Zhetysu терминалы Қытайдан импорттық жүктерді шоғырландыруға және таратуға маманданған Алматыдағы ең ірі контейнерлік хаб болады. Оның инфрақұрылымы Қытайдан / Қытайға теміржол және автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді терминалды өңдеуге мүмкіндік береді.
Кешен логистикалық қызметтердің толық спектрін: қоймалау, кедендік рәсімдеу, сондай-ақ «бірінші және соңғы миль» қағидаты бойынша жеткізуді ұсынады.
Негізгі халықаралық көлік маршруттарының қиылысында тиімді орналасуының арқасында терминал жүк ағындарын шоғырландырудың стратегиялық орталығы және Қазақстанның жетекші логистикалық хабына айналады.
Алматы — Сиань логистикалық тораптары арасында тұрақты синергия құру трансөңірлік жеткізу тізбегіне тиімді интеграцияны қамтамасыз етеді.
Жобаны іске асыру заманауи инфрақұрылымды дамытуға және логистикалық шығындарды азайтуға бағытталған.