#

# Жаңалықтар

«Құрметті теміржолшы» атағы «Кедентранссервис» АҚ Павлодардағы филиалының қызметкеріне берілді

01.08.2021

Тамыздың бірінші жексенбісінде дәстүрлі түрде атап өтілетін көлік қызметкерлері мерекесіне орай ең жоғары салалық марапат — «Құрметті теміржолшы» атағы Павлодар филиалының кран машинисі Алексей Михайлович Бойченкоға берілді. Алексей Михайлович түрлі крандарды басқару кәсіби қызметімен 45 жыл бойы айналысады.

Сонымен қатар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев пен «Кедентранссервис» АҚ Бас директорының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен компанияның бірқатар қызметкерлері марапатталды. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалдың аға қабылдаушы-тапсырушысы Қалдыбаева Клара Балтабайқызына «Үздік маман» атағы, Ақмола облысы және Астана қаласы бойынша филиалының кран машинисі Ілиясов Марат Ахметұлына «Кәсібі бойынша үздік» атағы берілді.

«Біздің компаниямыздың ең құнды активі — сеніп тапсырылған көлік инфрақұрылымының жұмысын толықтай тиімді түрде қамтамасыз ететін қызметкерлер — жоғары кәсіби мамандар болып табылады», — деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Бас директор Сұлтанов Арман Тұрлыханұлы.