#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасының кәсіби мерекесі — Теміржолшылар күніне орай жоғары марапаттарға ие болды.

01.08.2025

Қазақстан Республикасының Теміржолшылар күнін мерекелеу аясында еліміздің көлік-логистика саласының дамуына сүбелі үлес қосқан «Кедентранссервис» АҚ қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Теміржол саласындағы адал қызметі және 36 жылдан астам еңбек өтілі үшін «Құрметті теміржолшы» төс белгісімен марапатталды:

  • Мурзабаева Айгүл Құсайынқызы, Терминалды пайдалану басқармасының 1 деңгейлі бас менеджері

«ҚТЖ» ҰК» АҚ құрмет медалі – «Үздік Мамандар» Құрмет тақтасы:

  • Цой Максим Тимофеевич – бас директордың логистика жөніндегі орынбасары

«Кедентранссервис» АҚ Бас директорының (Басқарма төрағасының) Құрмет грамотасымен марапатталды:

  • Батырхан Бекболатұлы Ауталипов – экономика және жоспарлау басқармасының 1 деңгейлі бас менеджері
  • Қайрат Темірбекұлы Есімханов – Маркетинг департаментінің директоры
  • Ержан Кеңесұлы Сахарбаев – Техникалық саясат және активтерді басқару департаментінің 2 деңгейлі бас менеджері
  • Жанат Тоқтарұлы Оспанов – Цифрландыру департаментінің директоры
  • Нұргүл Рақымжанқызы Сүлейменова – сату бөлімінің менеджері

«Кедентранссервис» АҚ Бас директорының (Басқарма төрағасының) Алғыс хатымен марапатталды:

  • Жұмағұлова Толқын Садыққызы – Бухгалтерлік есеп және салық департаментінің 2 деңгейлі бас менеджері
  • Адамова Аида Жакубайқызы – Өзара есеп айырысуларды бақылау департаментінің директоры
  • Махметова Алмагүл Аманжолқызы – іс жүргізу бағыты бойынша 2 деңгейлі бас менеджері
  • Краубаев Дархан Асылбекұлы – Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры
  • Абжанова Гүлмира Серікқызы – Сату департаментінің 2 деңгейлі бас менеджері

Компанияға адалдығы және 30 жылдан астам еңбек өтілі үшін алтын медальмен марапатталғандар:

  • Мырзағұлов Марат Мырзағұлұлы
  • Мурзабаева Айгүл Құсайынқызы
  • Мұхаметжанова Шолпан Назымбекқызы
  • Сарсембаева Ботагөз Рысбайқызы
  • Сұлтанова Зәуреш Исақызы

Сондай-ақ, орталық аппараттың 90-нан астам қызметкері кәсіпорындағы 10 және 20 жылдан астам еңбек өтілі үшін күміс және қола медальдармен марапатталды.

Бұл марапаттар әрбір қызметкердің жеке еңбегінің ғана емес, Қазақстанның логистикалық жүйесін алға жылжытатын ұжымдық күштің де мойындалуы болып табылады. «Кедентранссервис» АҚ кәсіпке деген адалдығы мен саланың дамуына қосқан зор үлесі үшін барлық қызметкерлерге алғысын білдіреді.