Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ Қытайға агроөнім жүктелген 500 контейнерлік пойыз жіберді
«Кедентранссервис» АҚ Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарыққа сенімді жеткізуші ретіндегі бағдарын нығайтуды жалғастыруда.
2025 жылдың басынан бастап компания еліміздің солтүстік аймағынан Қытай Халық Республикасына қабылдау, өңдеу мен сақтаудан бастап экспедициялау және теміржолмен жеткізуге дейінгі толық логистикалық циклды ұйымдастыра отырып, 500 контейнерлік пойыздың жөнелтілуін қамтамасыз етті.
Жөнелтілетін жүктердің құрамы -арпа, бидай, қоспа жем, күнбағыс және зығыр тұқымдары, сондай-ақ ұн. Солтүстік өңірлерден осы экспорттық өнім бағыты іске қосылған сәттен бастап Кедентранссервис ЖФЭ-ні 100 000- нан асырды.
Ресми деректерге сәйкес 2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы өнімінің тауар айналымы 10% — ға артып, $ 1,4 млрд-қа жетті. Бұл ретте Қазақстаннан ҚХР-ға экспорт $ 1,1 млрд (+4%) құрады. 2025 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанның Қытайға экспорттау өсімі 35% — құрап, $ 513,4 млн-ға жетті.
«Кедентранссервис» АҚ бұдан әрі де жаһандық логистикалық және сауда тізбектерінде Қазақстанның орнықты интеграциясын қамтамасыз ете отырып, бағыттар аясын кеңейту, терминалдық инфрақұрылымды дамыту және цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстарын белсенді жүргізуге ниетті.