#
#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ пен «O’ZTEMIRYOLKONTEYNER» АҚ контейнерлік тасымалдарды дамыту перспективаларын талқылады

15.08.2025

2025 жылғы 15 тамызда «Кедентранссервис» АҚ пен «OʻZTEMIRYOLKONTEYNER» АҚ (Өзбекстан Республикасы) арасында Басқарма Төрағасы Мирзиед Кудратұлы Мирхамидовтың қатысуымен іскерлік келіссөздер өтті.

Кездесу барысында тараптар негізгі бағыттар бойынша: Қытай — Орталық Азия, РФ — Орталық Азия және кері бағытта контейнерлік тасымалдарды дамыту жөніндегі бірлескен жоспарларды талқылады.

Үстіміздегі жылдың ақпан айында компаниялар арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын атап өткім келеді, ол әріптестік байланыстарды одан әрі дамыту үшін негіз болды. Меморандум ережелерін іске асыру транзиттік дәліздерді нығайтуға, көліктік-логистикалық әлеуетті дамытуға және өңірдегі мультимодальды тасымалдардың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

«Кедентранссервис» АҚ Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы маршруттарда негізгі логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайта отырып, халықаралық әріптестермен іскерлік қатынастарды дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.