#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ пен  Хэфэй қаласының (ҚХР) делегациясы халықаралық тасымалдар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады.

12.08.2025

2025 жылғы 11 тамызда Астанада «Кедентранссервис» АҚ басшылығының мэр Ло Юнфэн мырза бастаған Хэфэй қаласының (ҚХР) делегациясымен кездесуі өтті.  Тараптар «Бір белдеу — бір жол» бастамасы аясындағы ынтымақтастықты тереңдету келешегін, бірлескен жобаларды дамытуды және Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуды талқылады.

«Кедентранссервис» АҚ жүктерді жеткізу мерзімдерін оңтайландыра отырып, ел ішінде де, одан тыс жерлерде де тиімді логистикалық тізбектер құруға мүмкіндік беретін Қазақстанның бүкіл аумағындағы өзінің тармақталған терминалдар желісінің мүмкіндіктерін ұсынды.   2014 жылдан бастап Хэфэй қаласынан Қытай – Еуропа бағытына  5 100 -ден астам пойыз, оның ішінде 808 пойыз  Қазақстан бағытына (оның ішінде 2024 жылы 130 пойыз) жөнелтілді. Жеткізу аумағы  Қазақстанның 42 станциясын және әлемнің 20 еліндегі 170 станцияны қамтиды.

Volkswagen, NIO, BYD, JAC және аймақтағы басқа да кәсіпорындардың ірі автомобиль өндірушілері мен автокомпьютер жеткізушілерінің жүктерін тасымалдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Хэфэй қаласынан Қостанай қаласының «СарыарқаАвтоПром» зауытына жеткізуді ұйымдастыру талқыланды.

«Кедентранссервис» АҚ зауыттардан тікелей контейнерлік жөнелтілімдер ұйымдастыруды, контейнерлер ұсынуды және өтпелі логистикалық маршруттар қалыптастыруды қоса алғанда, Қазақстан аумағында да, Қытайда да логистикалық қызметтер кешенін ұсынуға дайын екендігін білдірді.