#
#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ пен «Форт» ЖШС Қазақстаннан Вьетнамға бидай тасымалын контейнер алмастырмай тікелей сәтті жеткізуді жүзеге асырды

10.09.2025

2025 жылғы мамырдан қыркүйекке дейін «Кедентранссервис» АҚ пен «Форт» ЖШС-мен бірлесіп, жүк жөнелтуші «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-тың қатысуымен, Қазақстанның солтүстік өңірлерінен бидай тиелген 10 пойызды кешенді түрде тасымалдауды ұйымдастырды.
Жол бағыты Ақкөл, Азат, Көкшетау станцияларынан Қытайдың Ляньюньгань порты арқылы Вьетнамның Хайфон портына дейін созылды.
Жалпы тасымал көлемі 17 000 тонна астықты құрады.
Жобаның негізгі ерекшелігі – ҚХР порттарында контейнердің алмастырылмағаны. Дәстүрлі тәжірибеде теміржол контейнерлері теңіз контейнерлеріне ауыстырылады, ал бұл жолы жүк жөнелту станциясынан бастап соңғы портқа дейін бір контейнерде жеткізілді. Бұл өз кезегінде: өнім сапасын жоғары деңгейде сақтауға, тиеу-түсіру операциялары жүргізілмегендіктен жеткізу уақытын қысқартуға, логистикалық шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік берді.
«Кедентранссервис» АҚ бұл жобаны Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамытудағы маңызды қадам ретінде қарастырады. Бұл тәжірибе — Қазақстанның қазіргі заманғы көлік-логистика инфрақұрылымының Орталық Азия өңірлерін Тынық Азия мұхиты аймағының қарқынды дамып келе жатқан нарықтарымен тиімді байланыстыра алатынына дәлел.
Осы тасымалдың жүзеге сәтті асырылуы дәнді дақылдарға деген сұраныс тұрақты түрде өсіп келе жатқан Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу аумағын кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.