#
#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ пен China Construction Sixth Engineering Division Corp. Ltd іскерлік келіссөздер жүргізді

25.08.2025

Бүгін «Кедентранссервис» АҚ пен «China Construction Sixth Engineering Division Corp Ltd» компаниясы арасында іскерлік келіссөздер өтті. Кездесу барысында тараптар арадағы ынтымақтастық пен бірлескен инфрақұрылымдық жобаларын одан әрі іске асыру келешегін талқылады.
«Кедентранссервис» АҚ Алматыда «ZHETYSU» жаңа контейнерлік терминалын салу кезінде бірлесе жүргізген жұмыс тәжірибесінің табысты болғанын атап өтті. Бұл жобаның бірегейлігі оны іске асырудағы рекордтық қысқа мерзімде — терминалдың құрылысы небәрі 88 күнде аяқталды, заманауи құрылыстың жаңа стандарттық үлгісі болды. Бұл жоба инженерлік шешімдердің жоғары деңгейін және күрделі инфрақұрылымдық нысандарды құруға бірлескен тәсілді қолданудың тиімділігін көрсетті.
«Кедентранссервис» АҚ атынан серіктестерге атқарылған жұмыстары мен жоғары кәсібилігі үшін алғыс айтылады. Жобаның жүзеге сәтті асырылуы ынтымақтастық аясын кеңейтуге берік негіз болды. Осыған байланысты тараптар Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосатын жаңа объектілер салу мүмкіндіктерін қарастыруда.