Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ мен «Фининвест» логистикалық әріптестікті дамыту мәселесін талқылады
2025 жылғы 25 маусымда Астана қаласында «Кедентранссервис» АҚ мен «Фининвест» көлік-логистика компаниялар тобының басшылығының кездесуі өтті. Кездесу барысында Астана қаласында көлік-логистикалық кешен (КЛК) салу және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелері қаралды.
Астана қаласындағы КЛК жобасы «Кедентранссервис» АҚ мен «Фининвест» арасында жасалған келісімдер аясында жүзеге асырылуда. Бұл жоба контейнер ағындарын қабылдау, өңдеу және таратуға арналған заманауи инфрақұрылымды құруға бағытталған.
Айта кету керек, осы жылдың мамыр айында Ресей – Қазақстан – Қытай бағыты бойынша жартылай вагондармен контейнерлік пойыздың сынақтық тасымалы сәтті өтті.
Контейнерлік құрам Қазақстан аумағынан небәрі 3 күнде өтті.
«Кедентранссервис» АҚ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуын жалғастырып, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға және оны жаһандық көлік тізбектеріне интеграциялауға бағытталған ірі логистикалық жобаларға белсенді қатысуда.