Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ кәсіби бағдар беру шаралар сериясын ұйымдастырды
2025 жылғы 14 мамырда «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Жол картасын, сондай-ақ Жұмысшы мамандықтар жылы аясында іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «Кедентранссервис» АҚ кәсіби бағдар беру шаралар сериясын ұйымдастырды.
Достық станциясы бойынша филиалдың Алтынкөл станциясындағы жүк аулаларында, сондай-ақ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалда 9–10 сынып оқушылары және «Алматы көлік және логистика академиясы колледжі» ЖШС студенттерімен кездесулер өтті.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – жастарды көлік-логистика саласындағы мамандықтардың нақты еңбек жағдайларымен, сұранысымен және болашағымен таныстыру болды.
Қатысушылар өндірістік нысандарды аралап, салалық мамандармен әңгімелесті, заманауи жабдықтармен танысты және жұмысшы мамандықтар туралы толық мағлұмат алды.
«Кедентранссервис» АҚ жастарды қолдау, елдің кадрлық әлеуетін дамыту және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру жөніндегі бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.