#
#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ: Елдегі ең ірі автокөлік өндірушісі «СарыарқаАвтоПром» ЖШС үшін 10 000-нан астам ЖФЭ автокомпоненттері жеткізілді

14.07.2025

14.07.2025
«Кедентранссервис» АҚ отандық автокөлік өнеркәсібі үшін тұрақты логистиканы қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруды жалғастыруда.

2025 жылдың басынан бастап компания Қытай Халық Республикасынан және Оңтүстік Кореядан Қостанай станциясына «СарыарқаАвтоПром» ЖШС – ең ірі автокөлік құрастыру кәсіпорны үшін 10 000-нан астам ЖФЭ автокомпоненттерін тасымалдады.

Тиімді логистика және жақсы жолға қойылған жеткізу тізбегі «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің өндірістік жоспарларын жүзеге асыруға ықпал етеді.

«Кедентранссервис» АҚ Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытып, Қазақстанның Еуразиядағы негізгі транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайта отырып, қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдауды жалғастырады.