Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет жартылай вагондарда контейнерлерді тасымалдау технологиясы енгізілді
23.05.2025
2025 жылғы 23 мамырда Астана қаласындағы «Кедентранссервис» АҚ терминалында Ресей – Қазақстан – Қытай бағыты бойынша жүретін жартылай вагондардағы алғашқы транзиттік контейнерлік пойыз қайта тиеілді.
Жаңа сервис Ресейдің ең ірі логистикалық компанияларының бірі – «Логопер» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылды.
Енгізілген технология Қазақстан көмірімен келген жартылай вагондарға контейнерлерді кері тиеуді ұйымдастыруды көздейді. Бұл тәсіл логистикалық үдерістерді айтарлықтай оңтайландырып, теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.