#

# Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының теміржол көлігі қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

01.08.2025

«Кедентранссервис» АҚ атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Қазақстан Республикасының теміржол көлігі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі таңда теміржол саласы – еліміздің экономикасының тұрақты дамуының, халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюінің және бәсекеге қабілеттілігінің артуының негізгі факторларының бірі болып табылады. Біздің кәсібилігіміздің, жауапкершілігіміздің және үйлесімді жұмысымыздың арқасында жүк тасымалының сенімді қозғалысы қамтамасыз етіледі, маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады, жаңа логистикалық бағыттар құрылады.
Біз бірлесе отырып, Қазақстанға жаһандық аренада жаңа мүмкіндіктер ашатын қуатты, заманауи көлік жүйесін қалыптастырып жатқанымызды мақтан тұтамыз.
Сіздерге зор денсаулық, ертеңгі күнге деген сенім, жоспарларыңыздың сәтті жүзеге асуын және тұрақты өсімді тілейміз!