2018 жылдың 19 мамырында Қытайдың Сиань қаласынан тағы бір контейнерлік пойыз жолға шықты

24.05.2018 23:22:00

2018 жылдың 19 мамырында Қытайдың Сиань қаласынан тағы бір контейнерлік пойыз жолға шықты

2018 жылдың 19 мамырында Қытайдың Сиань қаласынан Венгрияның Будапешт қаласына тағы бір контейнерлік пойыз жөнелтілді. Бағыттың жалпы ұзындығы шамамен алты мың шақырымды құрайды. Контейнерлік пойыз құрамында 41х40 фут. халық тұтынатын тауарлар, киім және жабдықтар салынған контейнерлер. Пойыз бағыты Қазақстанның Алтынкөл шекаралық өткелінен өтіп, Ресей мен Украинаны Словакиядағы Добра терминалын қолдана отырып кесіп өтеді. Аталған контейнерлік пойыз Сиань қаласының құрғақ портының халықаралық мультимодальдық көлік компаниясымен, Кедентранссервис АҚ және KTZ Express АҚ компаниясымен бірге құрылып, жөнелтілді.