Прагада Кедентранссервис АҚ және ČD Cargo, a. s. Praga компаниялары басшыларының қатысуымен алдын ала келіссөздер өтті

02.11.2018 23:22:00

Прагада Кедентранссервис АҚ және ČD Cargo, a. s. Praga компаниялары басшыларының қатысуымен алдын ала келіссөздер өтті

2018 жылғы 19 қазанда Прагада «Кедентранссервис» АҚ және ČD Cargo, A. s. Praga компанияларының басшыларының қатысуымен контейнерлік пойыздарды тасымалдау саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылау үшін алдын ала келіссөздер өтті. Кездесу барысында Добра терминалын (Словакия) пайдалана отырып, Қытай - Еуропа - Қытай бағыты бойынша контейнерлік пойыздарды дамыту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді. Сонымен қатар, сол күні контейнерлік тасымалдардың тағы бір ірі операторы - Metrans a.s. Prague-мен бірнеше жобалар бойынша ынтымақтастықты талқылау үшін кездесу өтті. «Кедентранссервис» АҚ мен Metrans a.s. Prague екі компанияның жеке жылжымалы құрамын пайдалана отырып, контейнерлік пойыздарды іске қосуға келісті.